Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Алматыны тербеген қобыздың үні екен

Қорқыт ата мұрасы Алатаудың бөктерін сазымен тербеді. Қоңыр үнді әуелеткен үміткерлер баба мұрасын жаңғыртып, өнерлерін паш етті. Бұл – Оразғали Сейтқазы атындағы «Киелі қобыз» республикалық жас қобызшылар байқауы. Биыл 3-ші рет шымылдығын түрді. Ұйымдастырушылар ұлттық өнердің қадір-қасиетін дәріптеп, талантты жастарды қолдауды мақсат тұтқан. Өйткені бұл – рухани жаңғырудың өзегі болса керек. Дәстүрлі додаға еліміздің әр түкпірінен киелі аспапты серік еткен жүзден аса өнерпаз жиналды.

БАҚТЫКҮЛ ДАБЫЛОВА, ҚОБЫЗШЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл біздің жас музыканттар үшін үлкен жетістік. Театр сахнасында өнер көрсету жас музыканттар емес, үлкен әртістердің арманы. Сол арманға бүгінгі осы байқау барлық жас музыканттарды ерекше сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Өнер сайысының қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды. Бас жүлде жергілікті музыка мектебінің өкілі Нәзік Бауыржанның тақымында кетті. Іс-шараға мұрындық болғандар екі жыл бұрын Абай облысынан бастау алған байқаудың аясын кеңейте түсуді көздеп отыр.

← Барлық жаңалықтар