Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Роналдудың дәурені аяқталды

2026 жыл футбол аңыздарының құрамасымен қоштасатын маусымы болды. Лионель Мессидің артынша Португалияның даңқты капитаны Криштиану Роналду да ұлттық командадан кететінін мәлімдеді. Негізі, осы тектес сөздер жаздағы Мундиальдан соң да айтылған еді. Алайда күздің басында Роналду ұжымға Ұлттар лигасында көмектесуге дайынмын деп қайта оралған-тын. Бірақ «Әл-Наср» шабуылшысы бас бапкер және Федерация президентімен кеңесе келе маңызды шешім қабылдапты. Сондай-ақ 41 жастағы ардагер спортшы бұған не түрткі болғанын сәл кейінірек түсіндіруге уәде берді. Айта кетейін, Роналду Португалия сапында бірнеше рекорд тіркеген ойыншы. Ол құрама жейдесінде 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Екі көрсеткіш бойынша да жаһанда көш бастап тұр. Мадейра аралының тумасы Португалия сапында 2003 жылдан бері доп тебеді. Роналду беташар матчын дәл Қазақстан құрамасына қарсы өткізген.

← Барлық жаңалықтар