Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Мәслихат депутаттары таратылады

Еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультация өткізді. Онда Президент мәслихаттардың жұмысы халық үшін маңызды екеніне тоқталды. Өйткені жергілікті бюджетті бекіту, елдің мұң-мұқтажын жеткізу, өңірдің дамуын қадағалау — депутаттардың басты міндеті. Ал олардың құрамының жаңаруы жергілікті биліктің жұмысын жандандырады. Кездесу барысында Олжас Бектенов пен Айбек Дәдебай өз ұсыныстарын ортаға салды. Мемлекет басшысы түпкілікті шешімді Конституция талаптарын сақтап, айтылған пікірлерді ескере отырып қабылдайтынын атап көрсетті. Ал алдағы сайлау күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

← Барлық жаңалықтар