Айдың күннің аманында тағы бір әйел кісі қолынан ажал құшты. Жантүршігерлік жағдай Ақтөбеде болды. Көпқабатты үйдің ауласында ер адам 35 жастағы әйелді пышақтаған. Алған жарақатынан қала тұрғыны сол жерде жан тапсырды. Көп ұзамай полицейлер 28 жастағы күдіктіні ұстады. Атырау қаласының тумасы марқұммен таныс болған екен. Екеуінің арасында жанжал шыққан кезде қаскөй суық қаруды оңды-солды сілтеген. Күдікті қамалып, тергеу жүріп жатыр.
СЕРІК ШАЛХАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда.