Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Қазақстанда қымбатшылық бәсеңдеді

Қазақстанда қымбатшылық бәсеңдеді. Мысалы, қыркүйек айының қорытындысында азық-түлік бағасы орта есеппен 0,1%-ға төмендеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Қазір Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, инфляцияны төмендетуге күш салып жатыр. Қабылданған шаралар қымбатшылықты тежеуге мүмкіндік берген.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі қосты. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып табылады.

Серік Жұманғарин салық реформасы бюджет кірісін арттырғанын айтты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша түсім 19,3 трлн теңгені құрап, қазынаға өткен жылғыдан 3 трлн теңгеге көп пайда түскен. Бұған өндіріс салаларының еселеп табыс әкелуі де ықпал етті. Вице-премьер әлемдегі теріс факторларға қарамастан ел экономикасы өркендеп келе жатқанын жеткізді. Жыл басынан бері жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызды құраған.

← Барлық жаңалықтар