Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Отбасылық цифрлық картадағы санат қате енгізілсе, қайда жүгіну керек?

Отбасының цифрлық картасындағы қате мәліметтерді түзетуге болады. Егер табыс, мүлік немесе жанұя құрамы бұрыс көрсетілсе, тұрғылықты жердегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну қажет. Мамандар деректерді тексеріп, жүйені автоматты түрде жаңартады. Екінші рет өтініш берудің қажеті жоқ. Айта кетейін, отбасының әл-ауқаты тек табысқа емес, баспана, көлік, несие мен жұмыспен қамтылу деңгейіне қарай ай сайын есептеледі. Еске салайын, келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап цифрлық карта негізінде табысы жоғары отбасыларға берілетін кейбір мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер қысқартылады немесе тоқтатылады. Әр жанұяның әл-ауқаты ай сайын автоматты түрде қайта есептеліп тұрады.

← Барлық жаңалықтар