Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Түнде салют атсаң, 10 тәулікке қамайды

Астанада түнгі уақытта отшашу атып, қатты музыкамен туған күн тойлайтындар жауапқа тартылып жатыр.

Қала прокуратурасының мәліметінше, мұндай әрекеттер тұрғындардың тыныштығын бұзып, көлік дабылдарының жаппай іске қосылуына себеп болады. Осыған байланысты тәртіп бұзғандарға «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жаза қолданылады.

Бүгінге дейін 26 адам жауапқа тартылған. Оның 19-ы 10 тәулікке дейін қамауға алынса, алты әйел мен бір кәмелетке толмаған жасөспірімге айыппұл салыныпты.

Ақбөпе Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар