Ыстық шай мен кофе іше бермеңіз.
Денсаулық сақтау министрлігі қыз-қыз қайнаған сусынды көп тұтынбауға кеңес берді. Өйткені температурасы жоғары мұндай сусындар өңеш обырын тудыруы мүмкін. Ведомство дәлел ретінде Оксфорд университетінің ғалымдары жасаған зерттеуді мысалға келтірген. Онда 1 миллионға жуық адамның ағзасына талдау жүргізіліпті.
Нәтижесінде салқын сусынға қарағанда ыстық сусын ішетіндерде өңеш ауруының өршу қаупі 3 есе жоғары болатыны анықталған. Сондықтан министрлік сүйікті шайыңыз бен кофеңізді сәл суытып ішкен жөн дейді.
Маржан Нүсіпбек