Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Дәріханаларды торып, киім ұрлаған күдікті қолға түсті

Оралда қолының сұғанағы бар ер адам ұсталды.

Ол дәріханаға кіріп, қан қысымын өлшейтін тонометрлерді қолды еткен. Қылмысы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеодан қаскөйдің оңтайлы сәтті күткені, сатушының басқа клиентке қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, медициналық құрылғыны пакетіне салып алғаны анық байқалады.

Ол бұл әрекетін екі бірдей дәріханада жасапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктінің өзге де сауда орталықтарындағы киім ұрлығына қатысы бар.

Алима Гарифуллина, БҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:

Тексеру барысында ұсталған азаматтың бұдан бұрын да ірі сауда үйлеріндегі бутиктерге кіріп, тура осы тәсілмен киім-кешек ұрлағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар