Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Елдегі нысандар мүгедектігі бар жандарға ыңғайсыз

Жаңа ғимарат, бірақ ішіне бәрі бірдей кіре алмайды.

Елімізде енді салынған 259 нысан мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімсіз болып шықты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пайдалануға берілуі тиіс 562 нысанды тексерген. Нәтижесінде олардың жартысына жуығы талапқа сай келмеген.

Бірінде пандус дұрыс салынбаса, өзгесінде есіктері тым тар. Тұтқалары талапқа сай орнатылмаған, санитарлық бөлмелері қолжетімсіз, тіпті мүгедектер арбасы кіреберіске сыймайтын ғимараттар да бар. Сондықтан 259 нысанды пайдалануға беруге рұқсат етілмеді. Ал әзірге тек 147-сі ғана талапқа толық сай деп танылған.

Ақбөпе Тәңірберген

 

← Барлық жаңалықтар