Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы үйқамаққа алынды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған азамат қамаудан босатылып, екі ай үйқамаққа алынды. Қала прокуратурасының мәліметінше, тергеу органы күдіктіні изоляторда ұстау туралы өтініш берген. Алайда сот бұл уәжбен келіспепті. Енді қадағалаушы орган осы шешімге шағым түсірмек. Еске салайын, 11 қазанда өткен танымал өнерпаздың мерейтойлық концертінде дүрбелең болды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға жиналған халық кіреберісте бір-бірін таптап, соңы тіпті төбелеске ұласқан. Салдарынан сегіз адам медициналық көмекке жүгініп, 18 жастағы бойжеткен жансақтау бөліміне түсті. Сөйтсе, сатылған билеттер саны стадионның сыйымдылығынан әлдеқайда асып кеткен екен. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар