Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Елде қанша шақырым жол жөнделді?

Елімізде соңғы жеті жылда 36 мың шақырымнан астам автожол салынып, қалпына келтіріліпті. Көлік министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде республикалық маңызы бар трассалар жаңартылып, өңірлер арасындағы қатынас едәуір жақсарды. Сондай-ақ бірнеше ірі магистраль жаңғыртудан өтті. Биылдың өзінде 11 мың шақырымнан астам аумақта құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұған қоса, жол бойындағы сервистік нысандарды жақсарту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, ақылы бағыттар желісін кеңейту бағытындағы жобалар да жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар