Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Шатырдағы ақшасын ұмытып кеткен

Шатырдан табылған қомақты қаржы өз егесіне қайтарылды.

Жанашыр тұрғындар жалғызбасты қарт әйелдің үйіне асарлатып жөндеу жүргізіпті. Шатырды тазалау барысында олар күтпеген жерден пакетке салынған 5 миллион теңге қолма-қол ақшаны тауып алған.

Сөйтсе, кейуана бұл қаржыны жылдар бойы жинаған екен, бірақ уақыт өте келе қайда тыққанын ұмытып қалыпты. Сауапты іспен айналысып жүрген еріктілер ақшаның көк тиынына да тиіспей, бірден тәртіп сақшыларын шақырған. Оқиға орнына келген полицейлер миллиондарды қарияға табыстады.

Сағидат Бухаров, Қазығұрт аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімшесінің тергеуші капитаны:

Полиция ескертеді: егер бөтен біреудің мүлкі немесе ақша қаражаты табылса, бұл туралы құқық қорғау органдарына тез арада хабарлау қажет.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар