Мазмұнға өту
· 23 қаралым

Көлсайда қоңыр аю жүр

Қызыл кітапқа енген қоңыр аю Көлсайда жүр.

Ұлттық парктің қызметкерлері сирек кездесетін жыртқышты аумақты барлау кезінде көрген. Камера таспасына ілінген аң тасты шатқалмен төмен түсіп, қайтадан биікке қарай бет алған.

Тянь-Шань қоңыр аюы — еліміздің жабайы табиғаты мен бай фаунасының жарқын көрінісі. Мамандардың айтуынша, таулы өңірді мекендейтін бұл жануар еліміздің биоалуантүрлілігін білдіреді.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар