Мазмұнға өту
· 23 қаралым

Скрининг туралы SMS

«Скринингтен өту керексің» деп енді SMS хабарлама айтып береді.

Денсаулық сақтау министрлігі екпе мен профилактикалық тексеру туралы хабарламаны бұдан былай 1414 нөмірінен жолдамақ. Әзірге бұл — пилоттық жоба. Қазір SMS-ті тек Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындары алып жатса, 26 қазаннан бастап екпе туралы хабарламаны бүкіл ел бойынша тарату жоспарланған.

Кімге ескерту жасау керектігін медициналық ақпараттық жүйе өзі анықтайды. Хабарлама алғандар тіркелген емханасына барып, тексеруден өте алады. Тіпті екпе алғаннан кейін де вакцинаның түрі мен күні туралы мәлімет ұялы телефонға келіп түседі. Егер жалған ақпарат көрсетілсе, азаматтар шағымын дәл сол 1414 нөміріне жауап хабарлама ретінде қалдыра алады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар