Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Жаркентте перзентхана жаңартылып жатыр

Жетісуда жиырма жылға жуық жөндеу көрмеген перзентхана жаңартылып жатыр. Жаркенттегі ғимараттың аумағы екі есе ұлғайып, медициналық жабдықтары жаңарады. Жобаға қайтарылған активтер есебінен 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нысанға жеке жылу қазандығы орнатылып, инженерлік желілер толық ауыстырылады. Жауапты мердігер барлығын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

БЕЙБІТ ӘШІМОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

Бітіретін уақытымыз – 2027 жылдың бірінші тоқсаны. Бірақ біз жоспарлап отырмыз, осы жылдың аяғында бітірсек пе деп. Әрлеу жұмыстарын, абаттандыру жұмыстарын келесі аптадан бастаймыз. Адам санын қосамыз, техниканы да қосамыз.

Жөндеу біткен соң, нысан тек перзентхана қызметімен шектелмей, аудан тұрғындарына жан-жақты медициналық көмек көрсететін көпсалалы орталыққа айналады.

АЙДЫН ЕЛІКБАЕВ, ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің ауданымыз шалғай, шекараға жақын орналасқандықтан, инсульт аурулары бар. Және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар көп болады. Соларды облыс орталықтарына апармай, осы жерде диагностика және емдеу шараларын жүргізуге болады.

← Барлық жаңалықтар