Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Маймыл шешегі таралуы мүмкін бе?

Әлемге тағы бір жұқпалы індет таралуы мүмкін. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиын өткізіп, аурудың алдын алу жолдарын қарастырып жатыр. Ал жаһан қауымдастығы шекараларын бекітіп, санитариялық бақылауды күшейтуге кірісті. Оның арасында Қазақстан да бар. Денсаулық сақтау министрлігі республика аумағында маймыл шешегінің пайда болу ықтималдылығын жоққа шығармайды. Десе де, инфекцияның жаппай халық арасында кеңінен таралу қаупі төмен көрінеді. Ведомство әлемдегі инфекциялық аурулардың, оның ішінде маймыл шешегінің эпидемиологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр екен. Алдын алу мақсатында бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің нұсқауы бойынша індетке қарсы шаралар кешені қолға алынған. Атап айтқанда, шекарадағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді.

← Барлық жаңалықтар