Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Биылғы қыс қандай болады?

Қақаған аяз, ақтүтек боран, сықырлаған сарышұнақ күндер биыл бізді бұрынғыдан азырақ әуреге салады. Алдағы қыс әдеттегіден жылы болады деп күтілуде. Қазгидрометтің болжамы осындай. Алайда жаймашуақ күн райы күтіледі деп арқаны кеңге салмаңыздар. Синоптиктер күннің қызуы кетпегенімен, қалың қар түсуі ықтимал екенін, көктайғақ пен екпінді жел тұратынын ескертті. Ал күздің соңғы айы қарашада ауа райы мың құбылып, жүз өзгереді. Елдің басым бөлігі жауын-шашынды.

← Барлық жаңалықтар