Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Көліктің дауысын бақылайтын камера қойылуы мүмкін

Көшені басына көтеріп, гүрілдеген көлігімен тұрғындардың мазасын алатын жүргізушілерге тықыр таянды. Елімізде машинаның шуын автоматты түрде анықтайтын акустикалық камералар қойылуы мүмкін. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр. Мұндай бастаманы бұған дейін депутат Кендебай Адамбек көтеріп, Ішкі істер министріне сауал жолдаған. Сала басшысы Ержан Сәденов мұны қолдап, жүйені пилоттық жоба ретінде іске қосуды көздеп отыр. Қазір АҚШ, Германия мен Францияның тәжірибесі зерделенуде.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларын жаңарту аясында түнгі тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершіліктің мөлшерлес болуын қамтамасыз ету тетіктері, техникалық өзгерістері жойылғанға дейін автокөліктерді арнайы тұрақтарда ұстау тәртібі, сондай-ақ жолдардағы құқық бұзушылықтарды саралау тәсілдері егжей-тегжейлі пысықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар