Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Путиннің сәлемін жеткізді

Қазақстан мен Ресейдің Ленинград облысы арасындағы былтырғы сауда айналымы 400 миллион доллардан асыпты. Көрші елмен экономикалық байланысты нығайтып, сауда-саттықты одан әрі дамыту мәселесі қашанда маңызды. Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев губернатор Александр Дрозденконы қабылдап, өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы әріптестікті кеңейту жайын талқылады. Бұдан бөлек, мәртебелі мейман Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандық жауынгерлердің ерлігін ерекше атап өтті. Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Жүздесу соңында мейман II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

← Барлық жаңалықтар