Петропавлда 120 жыл бұрын бой көтерген жедел жәрдем станциясында жаңарту жұмыстары басталды.
«Қопай» шағын ауданындағы нысанның құрылысына шамамен 6 миллиард теңге бөлінген. Кешен негізгі 4 қабаттан тұрады. Сондай-ақ мұнда симуляциялық оқу орталығы, 20 санитарлық көлікке арналған орын мен оларды жөндеу және жуу базалары қоса салынып жатыр.
Жоба бойынша жөндеу жұмыстары келер жылдың соңына қарай аяқталмақ.
Гүлнар Қалиева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Төрт қабаттың ішінде әкімшілік ғимарат болады. Сонымен қатар медициналық мамандарға арналған арнайы ғимарат, конференц-зал және үлкен оқу-жаттығу орталығы болады. Онда мамандар өздерінің біліктілігін арттырады, семинарлар өткізіледі.
Жанар Арғын