Мазмұнға өту
· 23 қаралым

Дөңгелек үстелде не талқылады?

Егемендікті сақтау, жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру және елдің ертеңін айқындау. Астанада Республика күні қарсаңында осы мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстел өтті. Басқосуға депутаттар, ғалымдар, сарапшылар мен жастар қатысты. Олар егемендік туралы декларацияның тарихи маңызын, тәуелсіздіктің қалыптасу жолын және қазіргі геосаяси ахуалдағы республикамыздың басымдықтарын саралады. Сондай-ақ пікір алмасу барысында ұлттық бірлікті бекемдеу, адам әлеуетін арттыру және келешек ұрпақтың мүмкіндіктерін кеңейту жайы да қозғалды.

НҰРБЕК ПҰСЫРМАНОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттің соңғы бағытта жасап жатқан жұмыстарының басым бағыттарының барлығы да, мына жаңа қоғамдық этиканың негізі де осы адами капиталды арттыруға бағытталған. Табиғи байлықтар да бүгін-ертең таусылады. Бірақ мемлекеттің негізгі құндылығы — адамның құқығы мен бостандығы аясында біз өзіміздің әлеуетімізді мына білім, ғылым, мәдениет, инновация бағытында түрлендіріп, экономиканы да әртараптандыруға мүмкіндік беретін бағыт ретінде қалыптастырып отырмыз.

← Барлық жаңалықтар