Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Қызылордада 18 млрд теңгенің нысаны салынып жатыр

Қызылордада жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс орталығында қуаттылығы 5 мегаватт болатын күн электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның құны 18 млрд теңге. Салтанатты рәсімге өңір басшысы мен Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қатысты. Жобаны жүзеге асыратын шетелдік компания нысанды бір жылда аяқтап, ел игілігіне бермек. Күн сәулесінен қуат өндіру – бүгінгі энергетика саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік беретін бұл технология Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін өте маңызды, дейді мамандар.

МЕДЕТ УСАИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Құрылыс басталып жатыр. Мұның ерекшелігі – күндіз жинақтауыш жүйеге электр энергиясын жинақтап, кешке қажетті кезде жалпы желіге береді. Осының арқасында бізде кешкі уақыттағы тұтыну көлемінің дефицитін жабуға мүмкіндік болады. Бұл жоба 2027 жылы толық іске қосылып, қажетті энергияны береді деп жоспарлап отырмыз.

← Барлық жаңалықтар