Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Қазақстандықтардың 6 млрд теңгесі бұғатталды

Алаяқтардың қолына түспеуі үшін қазақстандықтардың 6 миллиард теңгеге жуық қаражаты бұғатталыпты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Былтыр ел азаматтары 10 айдың ішінде 70 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылса, биыл бұл көрсеткіш 42 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Сонымен қатар заңсыз аударымдардың жолы кесіліп, алаяқтардан қайтарылған сома 12 пайызға артыпты.

Бейбіт Біржанов, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы:

Өткен жылмен салыстырсақ, биыл алаяқтардың арбауына түсіп, қаржысынан айырылғандардың жалпы шығыны 42 миллиард теңгені құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 70 миллиард теңгеге жеткен. Сондай-ақ киберқылмыскерлерден қайтарылған қаржының көлемі биыл 12 пайызға артты.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар