Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Дарынды оқушыларға ақшалай сыйақы табысталды

Республика күні қарсаңында дарынды, зияткер оқушыларға 200 мың теңгеден аса сыйақы табысталды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттарын марапаттады. Биыл конкурсқа қатысу үшін 700-ден астам өтінім келіп түскен. Сайыс қорытындысы бойынша белсенді 100 жеткіншек жеңімпаз атанып, әрқайсысына біржолғы ақшалай сыйлық пен арнайы төсбелгі берілді.

Салтанатты жиында аймақ басшысы оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың өңір мен еліміздің болашағын өркендетуге қосар үлесі зор екенін атап өтті.

Кәусар Азамат, Жеңімпаз:

Облыс әкімі Асайын Қуандықұлымен ерекше кездесу өтті. Жастарға кеңестерімен бөлісе отырып, осындай ерекше сый-құрметке ие болып отырмыз. Бұл біз үшін зор қуаныш. Себебі бұл тек бір жылдық еңбегіміз ғана емес, мектеп қабырғасында қатысып келе жатқан әртүрлі додаларымыздың жемісі деп білеміз. Осы уақытқа дейін иеленген орындарымыздың ең әдемі нүктесі осы болды деп ойлаймын.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар