Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Бургер жеген балалар ауруханаға түсіп жатыр

Астанада бургер жеген балалар ауруханадан бір-ақ шықты. Фастфудпен ауқаттанған жасөспірімдердің денесі қызарып, үсті бөртіп кетіпті. Бұл туралы елордалық тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, танымал тамақтану орнынан шыққаннан кейін баласының денсаулығы күрт нашарлаған. Аллергияға қарсы дәрі көмектеспеген соң, амалсыз жедел жәрдем шақырыпты. Ал ақ халаттылар бауырдың улану қаупі барын ескерткен. Бөртпенің беті қайтпаған соң, келесі күні ауруханаға жатқызыпты. Сөйтсе, елордалық тағы бір оқушы бургер жеп, бас көтере алмай қалған. Ал жауапты компания шағымнан кейін ішкі тексеріс жүргізіпті. Асығыс айыптамай, тиісті сараптама жүргізу керегін мәлімдеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы болса, науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр.

← Барлық жаңалықтар