Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Ұлттық ұланның жігіттері оқушылармен ән салды

Ұлттық ұланның жігіттері мен мектеп оқушылары қосылып ән шырқады. Олар туған жерге деген сүйіспеншілігін әуен арқылы жеткізіп, елжандылықтың нағыз үлгісін көрсетті. Республика күні қарсаңында түсірілген бұл бейнероликті Астанадағы Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі дайындады. Көптің көңілінен шыққан видео жүректерге жол тауып, елдік рухты асқақтатты. Айта кетейік, халық әртісінің есімі берілген білім ордасы жас таланттардың басын қосып қана қоймай, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

← Барлық жаңалықтар