Атом энергетикасын дамыту жұмыстарын айрықша бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасымен кездесуде айтты. Жүздесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алмасадам Сәтқалиев осы жылы атқарылған жұмыстың нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, атом электр станциясының құрылысы, салаға бағытталған ғылым мен инновацияларды дамыту, маман даярлау жайы көтерілді. Кездесу соңында Президент Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру бойынша дер кезінде тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.