Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Студенттер театрландырылған сот процесін өткізді

Соңғы кездері аты шулы істерді әлеуметтік желіде тікелей эфирден көріп жүрсек, енді театр сахнасынан да тамашалай алады екенбіз.

Бұл жолы Жетісу облысындағы бір топ студент құмар ойынның зардабын, есірткі тасымалдаған жандардың қандай ауыр жазаға тартылатынын сахналады. Қойылымды оқушылар мен студенттер, заң өкілдері және жоғары оқу орындарының басшылары көрді.

Осылайша Жетісу университеті «Шекара» қойылымы арқылы жастарға заң мен тәртіптің маңызын көрсетуге тырысқан.

Ермек Бөрібаев, Жетісу университетінің басқарма төрағасы – ректор:

Заң мен тәртіп идеологиясы тек қана сөзде емес, Конституциямызда да белгіленген қағида. Сондықтан «Шекара» жаман мен жақсының ортасындағы, өсіп келе жатқан жастарымызға белгіленетін шекара болсын деп студенттер осындай жақсы сценарий мен қойылым жасады.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар