Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Президент наградалар табыстады

Республика күні қарсаңында Ақордада салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Дәл қазір Ақордадан тілшіміз Қырмызы Жандос тікелей байланысқа шығып тұр.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Жаңа ғана Ақордада Республика күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі аяқталды. Мемлекет басшысы ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Президент өз сөзінде Республика күнінің тарихи маңызына айрықша тоқталды. Егемендік – елдігіміздің бастауы, ал тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның экономикалық жетістіктері мен болашақ даму бағдарына назар аударды. Марапатталғандар қатарында өнер майталмандары да бар. Атап айтқанда, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Бұл – қазақ мәдениетінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіне берілген жоғары баға. Бүгінгі салтанаттың басты мәні де осында. Республика күні – ел егемендігін ұлықтап қана қоймай, мемлекеттің өркендеуіне еңбек сіңірген азаматтарды дәріптейтін мереке. Ғалым, бізде әзірге осы.

← Барлық жаңалықтар