Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Көк туымыз Нью-Йорк төрінде желбіреді

Тәуелсіздіктің бастауы болған маңызды мереке – Республика күніне жат жерде құрмет көрсетілді. Айтулы дата қарсаңында Нью-Йорк төрінде көк байрағымыз желбіреді. Бұл ерекше шара мұхиттың арғы бетіндегі Манхэттен қаржы орталығында өтті. Маңызды жиынға ірі мегаполисте тұратын ат төбеліндей қазақ диаспорасы, жергілікті билік өкілдері мен Нью-Йорктегі Қазақстан бас консулдығының өкілдері арнайы келді. Атақты Уолл-стритте туымыздың АҚШ байрағымен қапталдаса көтерілуі – достықтың, құрметтің және екі ел арасындағы дипломатиялық серіктестіктің нығаюының белгісі. Айта кету керек, Республика күні қарсаңында АҚШ-та дәл осылай көк туымыздың желбіреуі – игі дәстүрге айналған шара.

← Барлық жаңалықтар