Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Экспорт көлемі 45 пайыздан асты

Өңдеу өнеркәсібінің өрісі кеңейіп, экспорт көлемі 45 пайыздан асты. Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы бес жылдағы жетістіктерге тоқталды. Қазір Қазақстан индустриясы дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп жатыр. Әсіресе теміржол саласын дамытуда серпіліс анық аңғарылады. Рельстер мен шпалдардан бастап вагондар мен электровоздарға дейін өзіміз шығаратын күнге жеттік. Автокөлік өндірісінің де аяқ алысы ауыз толтырып айтарлықтай. Жыл сайын 150 мыңнан аса жеңіл және жүк көліктері құрастырылады екен. Қысқасы, экономиканың барлық саласына қан жүгірген. Осы тұста Мемлекет басшысы шетелдік инвестицияның шарапатын ерекше атап өтті. Соңғы жеті жылдың ішінде тартылған қаражат көлемі 155 миллиард долларға жеткен.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Түрлі елдерге барып, жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларға қатысу Қазақстанның саяси беделін нығайтып қана қоймай, зор пайдасын да тигізуде. Жыл басынан бері жалпы сомасы 60 миллиард доллар болатын 355 коммерциялық келісімге қол қойылды. Осының өзі көп нәрсені аңғартады. Еліміз Еуразияның жетекші көлік-логистика хабы ретінде позициясын нығайта түсті.

← Барлық жаңалықтар