Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Кеген мен Нарынқолдың арасына асфальт төселді

Райымбек ауданының халқы талай жылдан бері тартып келген жол азабынан құтылды. Кеген мен Нарынқолдың арасын жалғап жатқан, шұрық-тесік болып, әбден ойдым-ойдымы шыққан күре жолға асфальт төселді. 74 шақырымдық трассаға орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді. Бүгіннен бастап теп-тегіс жолмен көліктер ары-бері зулап жатыр. Күн сайын бұл бағытта 1200-ден астам темір тұлпар қатынайды екен. Мамандардың айтуынша, жаңарған трасса жолаушылардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қозғалысты жеңілдетті. Ал оның құрылысына қазынадан 8 млрд теңге жұмсалған. Сондай-ақ жол бойындағы 14 аялдама мен 78 қиылыс жөнделген. Бұдан бөлек, су өткізу жүйесін жақсарту мақсатында алты құбыр орнатылыпты. Бұрын 6–7 сағат жүруші едік, қазір 3 сағатта жетіп келеміз.

← Барлық жаңалықтар