Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Жолдаудағы міндеттер тұрғындарға қалай әсер етеді?

Ата заңда айтылған «мемлекет – адам үшін» принципі биылғы Жолдаудың негізгі өзегіне айналды. Құжаттағы елдің экономикалық әлеуетін арттыру, әр азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты міндеттердің қалай орындалатынын халыққа түсіндіру жұмыстары басталды. Өңірлерде Құрылтай депутаттары, Үкімет өкілдері мен қоғам белсенділері еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесіп жүр. Сондай басқосудың бірі бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті. Спикерлер Жолдауда айтылғанды баяндап ғана қоймай, оның әр азаматтың өміріне қалай әсер ететініне тоқталды. Мемлекет пен халық арасында ашық диалог болғанда ғана осы міндеттердің орындалуына негіз болады деді жиналғандар.

ЛАУРА ҚАРАБАСОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жолдауда «Мемлекет — адам үшін» қағидаты кеңінен тарқатылды. Бұл қалай көрінеді? Бұл жерде басты екі идея бар: жалпыхалықтық құрылыс идеясы, жалпыхалықтық цифрлық экономика идеясы. Бұл екі идеяның да түп-тамыры – қазір елімізде өте маңызды саяси реформалардың жүзеге асырылуы. Кейін, міне, сол реформалардың келесі легі ретінде енді халықтың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын арттыру, экономиканы нығайту тұр.

ОРЫНБАСАР МҰХИТОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жобада тек қана құрылыс саласы емес, логистика саласы елімізге үлкен серпіліс беретін нәрсе. Сонымен бірге логистика әрбір шетелден келетін транзит мәселесі, соның барлығы елге қосымша қаражат әкеледі деп есептеліп отыр.

← Барлық жаңалықтар