Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Ұстаз мәртебесі – қоғам назарында!

Мұғалімнің мәртебесін көтеру арқылы ізгі қоғам қалыптастыруға жол ашамыз! Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында айтқандай, білім саласындағы реформалар өз жалғасын таба бермек. Оқушыға сапалы білім беру – ұстаздың басты міндеті деген Президенттің пікіріне сарапшылар оң бағасын беруде. Олардың пайымынша, бұл бастамалардың арқасында мұғалімнің жұмысы жеңілдеп, артық жүктемеден арылады. Ұстазға қолайлы жағдай жасау – білім сапасын арттырудың басты тетігі дейді сала мамандары.

ТӨЛЕУБИКЕ БАЙЖІГІТОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл да бір мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, мұғалімдердің көзқарастарын өзгертуге, дүниетанымдарын кеңейтуге әсер ететін іс-шаралардың бірі екеніне сенеміз. «Педагог мәртебесі» деген заң бар бізде. Осыған орай, педагогтердің көпшілігі оны дұрыс қолданса, әр педагог өзінің мәртебесін өзі жасайды.

← Барлық жаңалықтар