Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Тепловоз бен жүк көлігі түйісіп қалды

Ақтауда жүк көлігі мен тепловоз соқтығысып қалды. МАЗ маркалы машинаның жүргізушісі баяу қозғалып келе жатқан отарбаны жібермей, алдынан кесіп өтпек болған. Алайда үлгере алмай қалып, теміржол өткелінде түйіскен. Оқыс жағдай халықаралық теңіз портына апарар жолда болыпты. Ең бастысы, барлығы дін аман, зардап шеккендер жоқ. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

← Барлық жаңалықтар