Маңғыстауда марихуана саудасын қыздырып, теңіз арқылы тасымалдағандар құрықталды. Есірткі жеткізудің жеңіл жолын таңдағандар енді жауапқа тартылмақ. Заңсыз әрекетті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі анықтады. Ведомствоның ақпаратынша, қазір қылмысқа қатысы бар бес адам қолға түскен. Ұсталғандардың үшеуі – шетелдік, екеуі – Қазақстан азаматы. Тінту кезінде 109 келі есірткі табылды.
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
22 кг апиын, 27 кг гашиш, 60 кг марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.