Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Елімізде мұнай өңдеу көлемі артады

Елімізде мұнай өңдеу көлемі артады. Алдағы уақытта жұмыс істеп тұрған үш зауыт жаңғыртылып, олардың жылдық қуаты 18 миллион тоннадан 27 миллион тоннаға дейін жеткізілмек. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Энергетика министрі мәлімдеді. Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, Ақтөбе облысында да жаңа зауыт салу жоспарланып отыр екен. Жылына 2 миллион тонна бағалы шикізат өңдейтін нысанның құрылысы екі жылға созылмақ. Кәсіпорын ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия елдеріне де қара алтынды жеткізеді деп күтілуде. Бұл өз кезегінде авиациялық отын өндірісін де арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар қазір тағы бір зауыт салу мәселесі қарастырылып жатыр екен. Алайда оның қай өңірде орналасатыны әзірге белгісіз.

ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Қазір мұнай өнімдерін жеткізу кезінде қиындықтар туындап отыр. Біз ресурстық әлеуеті жоғары ел ретінде көршілес мемлекеттерді де мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз. Жоба екі жылдан кейін аяқталады. Болашақта бұл тек автомобиль отынының ғана емес, авиациялық отынның да қосымша көлемін өндіруге мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар