Алматы облысында бой көтеретін екінші атом электр станциясын кім салатыны белгілі болды. Құрылысты Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы жүргізуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Мойынқұм» деп аталатын АЭС бойынша көрші елдің компаниясымен ынтымақтастық мәселесі пысықталып жатыр. Ал Балқаш маңындағы алғашқы атом электр станциясын Ресейдің «Росатомы» салады.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Екінші «Мойынқұм» АЭС-і бойынша қазіргі уақытта Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Келісімнің нақты талаптары мен жобаның өзге де параметрлері әлі талқылануда. Дегенмен екі станцияның құрылысын 2035 жылға қарай аяқтау көзделіп отыр.