Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Илон Маск қазақстандық құтқарушыларды мақтады

Құдіретті «Starlink» өмірлерді құтқарады. Әлемдегі ең бай адам Илон Маск қазақстандық төтенше жағдайлар қызметкерлерін жер-көкке сыйдырмай мақтады. Миллиардер Х желісіндегі парақшасында Шығыс Қазақстан облысындағы құтқару операциясын жариялап, жоғары баға беріпті. Күршім ауданында көлігі бұзылып, қар құрсауында қалып қойған азаматтар ұялы байланыс болмаған соң, Starlink арқылы көмек сұраған екен. Құтқарушылар шамамен 100 шақырым жол жүріп, оларды аман-есен қауіпсіз жерге алып шығыпты. Өзінің ғарыш технологиясын қоса әспеттеген Илонның жазбасы 2 млн 300 мыңнан астам қаралым жинады.

← Барлық жаңалықтар