Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Астанада жолақы қашан қымбаттайды?

Астанада қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру мерзімі екі аптаға шегерілді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұған мәслихаттың мерзімінен бұрын таратылуы себеп. Өйткені тарифтің тағдырын түпкілікті шешу депутаттардың құзыретіндегі мәселе екен. Ал оларды сайлау осы айдың 29-ы күні өтеді. Халық қалаулылары анықталып, іске кіріскеннен кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады. Айта кетейін, бұған дейін шаһар әкімдігі жолақыны 110 теңгеден 150 теңгеге көтеруді ұсынған еді. Өйткені қазір бір жолаушыны тасымалдау шығыны қолданыстағы тарифтен әлдеқайда жоғары екен. Ал елордада тариф соңғы 12 жылда тек бір-ақ рет қана өзгеріпті.

← Барлық жаңалықтар