Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Заңды белден басып, полицейлерге ұсталды

Алматыда жол ережелерін елемейтінін айтып, әбден мақтанған әйел ұсталды.

Иә, мен ешқашан белдік таққан емеспін, тақпаймын да. Мұның ешкімге қатысы жоқ.

Әлеуметтік желіде оқырманы көп тұрғын заңға бағынбайтынын ашық мәлімдеген. Ол тіпті ережені әдейі бұзса да, өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынына сенімді болған. Алайда астамсыған әйелдің бұл әрекеті жауапсыз қалмады. Тәртіп сақшылары бейнежазбадан кейін жүргізушінің кім екенін бірден анықтап, көлігін жолда тоқтатыпты. Тексеру кезінде оның бұған дейін де рөлге отыру құқығынан айырылғаны, бірақ көлікті заңсыз айдап жүргені белгілі болды. Қазір келіншектің үстінен бірнеше бап бойынша іс қозғалып, темір тұлпары айып тұрағына жөнелтілді.

← Барлық жаңалықтар