Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Заңсыз айналымнан 500 литр алкоголь өнімі тәркіленді

Алматыда ішімдікті заңсыз сатқандар анықталды.

Рейд кезінде тәртіп сақшылары 500 литрден астам өнімді тәркіледі. Полицейлер мен Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қаладағы 300-ден астам нысанды тексерген. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары бар.

Нәтижесінде 17 кәсіпкердің алкоголь өнімдерін ешқандай лицензиясыз сатып келгені әшкереленді. Тағы 12 бизнес өкілі заң талаптарын белден басқан. Нақтырақ айтсақ, олар ішімдікті кәмелетке толмағандарға саудалағаны үшін жауапқа тартылды.

Мамандардың сөзінше, мұндай шаралар заңсыз айналымға тосқауыл қойып, мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алуға септігін тигізеді.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар