Елдің ұйқысын ұрлап, түнгі тыныштықты бұзатындар азаймай тұр. Жыл басынан бері осындай 80 мыңға жуық дерек тіркелген. Ал отшашу ұйымдастыратындар үш есе көбейген. Қазір полиция «Заң мен тәртіп» қағидасымен ойын-сауық орындары мен көпқабатты үйлердің маңын бейнекамерамен бақылап отыр. Сондай-ақ 6 мыңнан астам учаскелік инспектор тұрғындардың ортақ чаттарына қосылған. Олар шағымдарға сол жерде жедел жауап береді. Ал бұған халық не дейді? Ел-жұрттың пікірін білдік.
ТҰРҒЫН:
Түңгі 12 ден кейін салют атады,түнде шулайды дегендерге өзім қарсымын.Өйткені өзімде бала бар үйде, үлкен кісілер бар дегендей. Азаматтарымызды заң мен тәртіпке бағынуға шақырамын.
ТҰРҒЫН:
Заң мен тәртіп қағидаларын сақтау керек деп ойлаймын. Өзім юриспруденцияда оқығаннан кейін, яғни түнде шуламау даладағы ережелерді сақтау керек деп ойлаймын.
ТҰРҒЫН:
Заңға тәртіпке жүгінген адам қор болмайды.Міндетті түрде заңға бағыну керек деп есептеймін.Әр қазақ азаматы,заңға бағыну керек.