Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Асығамын деп көліктің астына түсті

Алматыда бірер минут уақытын үнемдеп, жаяу жүргіншілердің жолағы жоқ жерден өткен қызды көлік қағып кетті. Оқиға Абай даңғылының бойында болды. Ережеге сай келе жатқан қытай көлігінің жүргізушісі аяқ астынан атып шыққан екі бойжеткенді байқамай да қалыпты. Оның бірі сол кезде тоқтап үлгерсе, екіншісі жолға қарай жүгірген. Түрлі жарақат алған қыз қазір ауруханада жатыр. Ал тәртіп сақшылары тұрғындарды жолды қысқартамын деп өмірлеріне қауіп төндірмеуге шақырады.

← Барлық жаңалықтар