Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

40 шақты жылқы өртеніп кете жаздады

Өз өмірлерін қатерге тігіп, жұрттың малын аман алып қалды. Жетісу облысының полицейлері тас жолда өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарды. Күршімнен Шымкентке қарай мал тиеп шыққан ауыр техника таңғы тоғыздар шамасында аяқ астынан отқа оранған. Мұны байқап қалған патрульдік жасақ қызметкерлері бірден жүргізушіге көмекке ұмтылды. Олар көліктің жарылуы мүмкін екенін біле тұра, еш қаймықпастан, аттарды сыртқа шығарған. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында мал да, жан да дін аман. Зардап шеккендер жоқ.

← Барлық жаңалықтар