Еліміздің және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннис тарихында өз атын тағы бір мәрте қалдырды. Ол биылғы маусымда тапқан табысы жағынан үздіктер қатарына енді. «Спортико» басылымының дерегінше, отандасымыз 2026 жылы барлық жарыстан жалпы сомасы 11 млн 300 мың доллар сыйақы алған. Бұл бұрымдылар ішінде ең жоғары көрсеткіш. Ал табыс жағынан Ленаның алдын тек ерлер арасында 3 спортшы ғана орап кетті. Биыл сөзсіз неміс саңлағы Александр Зверев қарсыластарынан оқ бойы алда болды. Шыққан тегі ресейлік теннисші бас-аяғы 18 млн доллар табыс тауыпты. Айта кету керек, биылғы маусымды Рыбакина өте сәтті өткізді. Ол қос бірдей «Үлкен Дулыға» бәсекелерінің чемпионы атанды. Сондай-ақ Штутгарт пен Нинбо турнирлерінің де бас жүлдесін еншіледі.