Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Тұрғындар тар көшеде қамалып отыр

Жетісу облысында бір көшенің тұрғындары өркениет игілігінен қағылғандай күй кешіп отыр. Қарабұлақ ауылының Ойсаз көшесіндегі 23 үй жылдар бойы жол азабынан арылмай келеді. Өзгелерде бар таза ауыз судан да ада қалған.

Улица, как вы видите, в непригодном состоянии. Не то, что для машин, тут даже и пройти невозможно.

Ойсаз көшесінің тұрғындары сыртқы әлемнен оқшау қалғандай. Орталыққа апаратын жалғыз сүрлеудің жайы мынау. Көктемде су алып, жаздың жаңбырлы күні ми батпаққа айналады. Мұнымен қоса, газ қондырғысы орнатылып, ол да іске жарамай қалыпты. Есесіне тұрғындар қатынайтын жолды бөгеп тастаған.

ЛЮДМИЛА ТЮКО, ТҰРҒЫН:

Көшеге жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігі кірген күннің өзінде, мұнда кері бұрылуға мүмкіндік жоқ. Келесі көшеде де бұрыла алмайды. Өйткені жолымызды жауып тастаған. Енді бізге арнайы техниканың ешқайсысы жете алмайды. Тіпті такси жүргізушілерінің өзі бұл жаққа келуден бас тартады.

Көшені көлденең кесіп өтетін арық көліктердің қатынауына кедергі келтіреді. Өйткені бетонмен жабылған өткел де жарамсыз күйде. Ал арық суы ағаштарды шайып, сұлатып кететін көрінеді. Мұндағы тұрғындар ауыз судың да азабын тартып отыр. Іргелес аумаққа тартылған тіршілік нәрі бұл көшеге әлі де жетпеген екен.

МАҒАУИЯ ЕМБЕРГЕНҰЛЫ, ТҰРҒЫН:

Ана көшеде бар. Содан бері тартып берсе болады ғой. Мына жаққа. Тіпті былай өткізіп жіберуге де болады ғой суды. Суды әркім өз үйінде колодец қағып алған. Анау автономканы қойып алған. Сонымен күн көріп отыр. Әйтпесе газ істемейді ғой. Солай амал тауып жасап жатыр.

Жылдар бойы жауапты органға шағымдансақ та, атқамінерлер асығар емес, – дейді тұрғындар. Ауылдық округ әкімі Ойсаздың жағдайынан хабардар. Алайда абаттандыру жұмыстары тағы да кейінге шегерілген екен. Өйткені биыл бұл мақсатқа қазынадан қаржы қарастырылмапты. Ал газ реттеу қондырғысына қатысты мәселені жақын арада шешеміз, – деп сендірді.

СЕРЖАН ОҢАЛБАЕВ, ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Газға қызмет жасайтын, обслуживать ететін компания бар бізде. КБС Газ деген. Ол ғана емес, бізде обследование кезінде біз 12 жерде сондай қауіпті жерлерді анықтап, біз оларға көрсетіп жібергенбіз. Биылға қаражат бөлінген жоқ оларға. Хаттарымыздың бәрі бар. Соны кесуге біз хат жібергенбіз оларға. Онымен қазір тағы сөйлесеміз. Алдырамыз оларды.

Әкімдік алдымен ауыз су желісін тартып, сонан соң ғана көшені жөндеуге кіріспек. Демек, Ойсаз көшесінің тұрғындары тар көшеде әлі қанша тайғақ кешері белгісіз.

← Барлық жаңалықтар