Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ

Жастардың 95 пайызы Қазақстанның даму жолына сенеді

Жастардың 95 пайыздан астамы елдің даму бағытын дұрыс деп санайды.

Бұл — Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнаманың нәтижесі. Оған еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласынан 8 мыңнан астам адам қатысқан.

Олар елдегі бірлікті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, мәдениет, білім және ғылымды дамытуға бағытталған жұмыстарға оң бағасын берген. Қоғамдық пікірді зерделеу 5 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізіліпті.

Жанар Арғын

← Барлық жаңалықтар