Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

«Самұрық-Қазына» ісі: Жақыповтың сыбайластары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті коррупциямен ымырасыз күресуде. Осы органның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тағы бір топ-менеджерді қолға түсірді. Антикор «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының Басқарма мүшесі әрі Өндіріс бойынша бас директоры Қуаныш Омарбековті және өзге де тұлғаларды ұстады. Комитеттің мәліметінше, олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырды делінген сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген. Осы оқиғадан соң «Қазатомөнеркәсіптің» Директорлар кеңесі шұғыл жиын өткізіп, Қуаныш Омарбеков пен компанияның коммерция бойынша директоры Владислав Байғожиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Алайда соңғысының ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратта оның аты аталған жоқ.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы АҚ басқарма мүшесі Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар